А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында дәстүрлі Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізеді.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері – студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу қызметін ынталандыру, дарынды және талапты студенттерді анықтау, қолдау, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға мұрындық болу.
Биылғы жылы «Құқық» бағыты бойынша байқау М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ базасында өтті.
Байқау комиссиясының шешімімен «Құқық» бағыты бойынша 3 курс студенті Мадина Ибрашева «Кибербуллинг: опасная игра или преступление» ғылыми жұмысы үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полиция полковнигі Сәрсенғали Аралбаев.
ІІІ дәрежелі Дипломмен 3 курс студенті Элана Сулейменова «Правовой статус брачного договора по законодательству Республики Казахстан» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін марапатталды. Ғылыми жетекшісі – азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Хакимова.
Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!