А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде білім беруді интернационалдандырудың негізгі мақсаты – университетті әлемдік білім беру кеңістігіндегі тең құқылы серіктес ретінде жан-жақты интеграциялау, білім беру сапасын арттыру және кадрларды ғылыми даярлау.
Білім беру және ғылыми процестерді интернационалдандыруды арттырудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – дәрістер оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, докторанттарымызға шетелдік ғылыми кеңесшілер ретінде жетекшілік ету және ғылыми іс-шараларға қатысу мүмкіндігі, жетекші шетелдік университеттердің профессорларын тарту болып табылады.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті 2018 жылдан бастап республикалық бюджеттен шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасына қатысуда, оған алыс және жақын шетелдерден 15-тен астам ғалымдар қатысты. 2022 жылы да осы әдісті қолдану мақсатында республикалық бюджеттен қаржы қаралды.