Бүгін «Алтынсарин оқулары–2022» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн форматта өтті. Конференция тақырыбы - «Педагогикалық білім берудің үздіксіздігі – қазіргі заманғы педагогтардың табыстылығының кепілі».
Іс-шара аясында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғылыми-инновациялық және халықаралық даму жөніндегі проректоры Ғалия Исмуратова Ыбырай Алтынсариннің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беруді дамыту стратегиясы идеяларының үндестігін атап өтті.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары баяндама жасады: п.ғ.д., профессор, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі, РБА ғылыми орталығының директоры, РБА корреспондент мүшесі Надежда Чекалева; Нұр-Сұлтан қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығының» басшысы Жанбота Қабдыкәрімова; п.ғ.к., доцент, Мәскеу облысы Орехово-Зуево қ. Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Галина Скударева; Торайғыров университетінің профессоры Рахила Аубакирова; Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Ибраева.
Конференция қатысушылары кең ауқымды мәселелерді көтерді. Мәселен, Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасының Қазақстан Республикасындағы заманауи білім берудегі құндылық бағдарлары мен басымдықтарын қалыптастырудағы шешуші рөлі, мұғалімдерді даярлаудағы дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі, жоғары сынып оқушыларының кәсіпке дейінгі педагогикалық құзыреттілігі және оны қалыптастыру технологиясы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік аспектілері сөз болды.
Конференция барысында 4 секция жұмысы ұйымдастырылды:
Секциялар бойынша 253 материал ұсынылды, онда әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырудың тәжірибесі мен тиімді практикасы таныстырылды, білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың кәсібилігін жетілдіру қажеттілігі негізделді, білім алушылардың тұлғасын дамытуды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің инновациялық технологиялары мен форматтары ұсынылды.
Конференцияға қатысушылар заманауи білім беру жүйесінде Халықаралық педагогикалық қоғамдастықтың диалог алаңдарында талқылауы қажет өзгерістер болып жатқанын және Алтынсарин оқулары мұндай мүмкіндікті бірнеше жылдан бері ұсынып келе жатқанын атап өтті.