object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 14:32:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай

2021 жылдың 26 наурызында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П. Чужинов атындағы экономика және құқық институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және академик Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылығы мен құқық қолдану қызметінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:

  1. С. З. Зиманов - ұлы ғалым, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері (Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай).
  2. Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі құқық шығармашылықтың өзекті мәселелері: одан әрі жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері.
  3. Қазақстан Республикасында және шет елдерде құқық түзуші фактор мәнмәтініндегі құқық қолдану практикасы: теория мен практика мәселелері.
  4. Қазақстан Республикасы мен шет елдердің жария құқығын одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері.
  5. Қазақстан Республикасы мен шет елдердің жеке құқығын одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері.
  6. Қазақстан Республикасы мен шет елдердің сот және құқық қорғау жүйесін конситутуциялық бақылауды жетілдірудің өзекті проблемалары.
  7. Қазақстан Республикасында және шет елдерде сот ісін жүргізуді цифрландыруды одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері.
  8. Қазақстан Республикасында және шет елдерде ТЖ және басқа да карантиндік іс-шаралардың әрекет ету кезеңіндегі еңбек құқықтық қатынастарының ерекшеліктері.

Конференция нәтижелері бойынша ISBN нөмірін бере отырып, материалдар жинағын электронды түрде шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысу үшін профессорлық-оқытушылар құрамы, тәжірибелік қызметкерлер шақырылады.

Толығырақ 

Қабылдау комиссиясы