object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 21:38:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ағылшын тіліндегі мәліметтер қорынан ғылыми ақпаратты қалай табуға болады?

Ағылшын тіліндегі мәліметтер базасынан ғылыми ақпаратты қалай табуға болатынын және басқа да көптеген мәселелер Ғылыми-техникалық зерттеулер институты ұйымдастырған вебинарда талқыланды. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу орындары ғалымдарына, оқытушыларға ғылыми жарияланымдар белсенділігі, гранттық қаржыландыру, халықаралық жобаларға қатысу тұрғысынан жаңа талаптар қойып отыр. Осы тармақтардың бірі - Scopus Author ID, WoS Researcher ID, ORCID ID, h-Hirsch, WoS мәліметтер базасында міндетті түрде Q1, Q2, Q3-квартиласы бар жоғары деңгейлі журналдарда басылымдардың болуы. Бұл көрсеткіштер кез-келген ғалымның ажырамас бөлігіне айналды. Осы себептен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің ғылыми-техникалық зерттеу институты оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамына арналған вебинарлар кестесін жасады.

Алғашқы вебинар Инженерлік-техникалық институт қызметкерлері үшін Web of Science by Clarivate Analytics және Scopus by Elsevier ағылшын тіліндегі веб ресурстарына қатысты өтті. Сонымен қатар өзге де қатысам деп тілек білдіргендер үшін «Web of Science және Scopus ақпарат базасына тіркелу, навигация және негізгі ғылымиметриялық көрсеткіштер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Бүгінде университет оқытушысы тек қана оқытушы емес, ол ең алдымен белсенді ғылыми зерттеуші және ол әрқашан ғылыми әлеуетін арттырып отырады, түрлі гранттық жобаларға қатысады, мақалаларын ағылшын тіліндегі басылымдарда жариялайды, өзінің ғылыми тәжірибесімен магистранттармен, докторанттармен бөліседі.

Ғылыми-техникалық зерттеулер институтының міндеті - университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын ағылшын тіліндегі мәліметтер базасында өз бетінше ізденуге, жұмыс істеуге, өз авторлық профильдерінде тиісті мақалалар мен журналдарды іздеуге, сондай-ақ журналдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін қадағалауға үйрету.

Вебинардың спикерлері: ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, Ғылыми-техникалық зерттеулер институты директорының орынбасары Әлия Бұғыбаева және ҒТЗИ-ның бас маманы Оксана Евлентиева.

Қабылдау комиссиясы