Бүгін әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Ғылым айлығының аясында «А.Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қозғалыстағы рөлі мен үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Айдар Айтмұхамбетов, тарих ғылымдарының кандидаттары, доцент Светлана Қолдыбаева, София Төрежанова, Серікжан Исмаилов, PhD доктор Ерден Ибраев баяндама оқыды.Олар өз сөзінде А.Байтұрсынұлының Қазақстанның қоғамдық өмірінің өркендеуіндегі ерекше рөлін, қазақ елінің аумақтық тұтастығын сақтауға, газет ісін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметін айқындайтын жаңа мұрағаттық құжаттар студенттер назарына ұсынылды. Мұрағат құжаттары Алматы, Орынбор қалаларынан табылған.