«Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария», «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедралары үшін тамаша жаңалық, осы кафедралардың ғалымдарының күш-жігерінің арқасында «3i: интеллект, идея, инновация» журналы ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бойынша БҒСБК (Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті) ұсынған жарияланымдар тізіміне енгізілді.
Еске салайық, «3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналы докторанттар, магистранттар және ғылыми дәрежелерге үміткерлердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері мен зерттеу тәжірибесін жариялау және насихаттау, сондай-ақ ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында құрылған. Басылым ғылыми ақпаратты таратудың, ғылымға жаңа зерттеушілерді тартудың ең маңызды қызметін атқарады, журналдардың проблемалық айдарлары теория мен практиканың өзекті мәселелері бойынша пікірталастарға бастамашылық етеді.
«3і: интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналы гуманитарлық, әлеуметтік, ветеринарлық, ауылшаруашылық, экономикалық, құқықтық, жаратылыстану және техникалық салалар бойынша Қазақстан, алыс және жақын шетел ғалымдарының ғылыми білімдерін, зерттеу нәтижелерін таратады. Бұл университеттің Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен шығармашылық байланысын дамытуға ықпал етеді. Редакция алқасының құрамына Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Кореяның, Словакияның және басқа да шет мемлекеттердің белгілі ғалымдары кіреді, мұндай әрекеттестік қазақстандық ғалымдарға ақпараттық кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік береді.