object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 06:50:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Журналистика және PR: уақыттың жаңа талаптары

Сәуір айының соңғы күнінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде жыл сайынғы «Байтұрсын оқулары-2021» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: XXI ғасырда қарқынды дамып келе жатқан мемлекетті құрудың жетістіктері мен сенімді негізі» тақырыбында өтті.

Үшінші жыл қатарынан «Байтұрсынов оқулары» аясында журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы онлайн-форматта «Журналистика және PR: уақыттың жаңа талаптары» атты ғылыми панельдік сессия жұмысын ұйымдастырады. Ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, Қостанай өңірлік университетінің және серіктес университет, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің докторанттары (РФ, Челябинск) заманауи журналистика мен PR коммуникациясының өзекті мәселелерін талқылады.

Сессия модераторы, филология ғылымдарының кандидаты, Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті Алматай Жүсіпова Оңтүстік Орал мемлекеттік университетіндегі әріптесі, филология ғылымдарының докторы, Журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры Елена Хакимова мен оның студенті Алена Климованың жарнама және қоғаммен байланыс бағыты бойынша жасаған баяндамасын ерекше атап өтті. Олар бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі: «Пандемия кезінде медициналық ұйымды PR бойынша қолдау» туралы айтты.

Сессияға қатысушы Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушылары мен студенттері іс-шараның қызықты өткенін, 3 сағаттық онлайн кездесудің тез өтіп кеткенін мәлімдеді.

Қабылдау комиссиясы