object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 17:18:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Заманауи құқықтану және жастар

ҚӨУ-де қоғам және саяси қайраткер, ғалым, педагог Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Заманауи құқықтану және жастар» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция жұмысына онлайн және офлайн режимде Қазақстан Республикасының және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері, курсанттары, магистранттары мен жас ғалымдары қатысты. Атап айтар болсақ: Ресей мемлекеттік Әділет университетінің (Мәскеу қ.), Солтүстік Кавказ федералды университетінің (Ставрополь қ.), Ресей ІІМ Краснодар университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы университетінің (Қарағанды қ.), Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, Ресей ІІМ Омбы академиясының (Омбы қ.), Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы, халықаралық заң институты (Мәскеу қ.), Халықаралық заң институтының Смоленск филиалы (Смоленск қ.), Ресей ІІМ Сібір заң институты (Красноярск қ.).

Конференция барысында талқыланған мәселелердің ауқымы өте кең – бұл конституциялық даму мәселелері, құқықтық кеңістікті цифрландыру дәуірінде құқықтық саясатты жетілдіру, азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын дамыту, жеке құқық мәселелері, қазіргі заманғы криминологияның жай-күйі мен даму үрдістері, жедел-іздестіру қызметінің қолданбалы аспектілері.

Конференцияға қатысушылардың барлық мақалалары ISBN нөмірі берілген электронды жинақта жарияланады.

Жалпы, студенттік конференция – пікір алмасу, тәжірибемен бөлісу, заңға қатысты ғылым мен тәжірибенің маңызды және өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді диалог алаңы.

Қабылдау комиссиясы