Әдістемелік инновациялар апталығы аясында Экономика және қаржы кафедрасы «Білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүдделі тараптардың тиімді қатысуы үшін платформа қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары жоғары білімді модернизациялау жағдайында экономикалық бейінді студенттерді кәсіби даярлау; «Экономика», «Қаржы» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға сыртқы мүдделі тараптардың қатысуы.
Кездесуге қатысқан сыртқы мүдделі тараптар: «Қазақстан Халық Банкі», «Сбербанк» филиалының, «Банк ЦентрКредит» коммерциялық банктерінің директорлары, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаменті, «СарыАркаАвтопром» ЖШС, Астық Industry AgroHolding, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы, Қостанай мемлекеттік кірістерді басқару мемлекеттік мекемесі, Казайрононавигация АҚ, «Тобыл» ЖШС-нің әлеуметтік есеп бөлімі төлемдері сияқты мемлекеттік ұйымдар мен коммерциялық құрылымдардың өкілдері.
Талқылау нәтижесінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, жүзеге асыру және бағалау бойынша белсенді ынтымақтастықтың мүмкіндігі туралы, сондай-ақ түлектің моделін еңбек нарығының жаңа талаптарына сәйкес жетілдіру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.