Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері кафедра меңгерушісі Амангелді Шурентаевтың жетекшілігімен «Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әлеуметтік желілерінде COVID-19 туралы жалған ақпараттарды анализдеу» зерттеу жобасынына қатысты. Студенттеріміз Юлия Стеценко, Аружан Жакупова, Гүлден Жүзенова, Зината Кучекпаева мен Зарина Мырзатаева А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасының атынан қатысты. Зерттеу жұмыстары (эмпирикалық форматта) Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті жариялау институтының (IWPR CA) қолдауымен 2020 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін жүргізілді: студенттер әлеуметтік желілердегі Covid-19 туралы жалған ақпаратқа мазмұндық талдау жүргізді. Жалпы жұмыс барысында факт тексерушілерге ең қиын тапсырма – әр түрлі әлеуметтік платформаларда таралған жалған ақпараттың бастапқы көзін табу болды. Нәтижесінде болашақ БАҚ мамандары ақпаратты өз бетінше талдауға және сүзгіден өткізуге, тәжірибеде факт-тексеру құралдарын шебер қолдануға үйренді.
Зерттеу, ең алдымен, журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері үшін оқу материалы ретінде пайдалы болады, сонымен қатар блогерлерге, журналистерге, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға пайдалы болуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерімен мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады:
https://school.cabar.asia/wp-content/uploads/2021/10/sovid-fakes_final_ru_web.pdf