object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 00:31:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының I кезеңі

А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институтында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындары арасындағы конкурс, жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономика бағыттары бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауының 1 кезеңі өтті. Байқауды жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының базасында өткізеді.

Байқаудың мақсаты дарынды студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, ең талапты дегендерін іріктеу және қолдау.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: университетішілік, базалық ЖОО-да және ақтық - республикалық.

Байқау комиссиясының отырысын директордың ғылым жөніндегі орынбасары, доцент, электр энергетикасы кафедрасының доценті Светлана Ибрагимова жүргізді. Конкурстық комиссияның құрамына студенттері студенттік жұмыстар байқауына қатысатын кафедра оқытушылары кірді.

Конкурс комиссиясы ұсынылған жұмыстарды тыңдағаннан кейін келесі ғылыми жобаларды республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының II кезеңіне қатысуға ұсынды:

  1. «Darwin-Mini роботтарының қозғалысын компьютерлік модельдеу және бағдарламалау», 5В011100-Информатика мамандығының 3 курс студенті Нұрмағамбетов Б.Б. (Жетекшісі - информатика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерсұлтанова З.С.);
  2. «Мектепте информатика пәнін оқытуда электронды ойын құралдарын әзірлеу және қолдану», 5В011100-Информатика мамандығының 4 курс студенті Зикрияева А.Б. (Жетекшісі - информатика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерсұлтанова З.С.);
  3. «Онлайн сату арқылы өнімдерді жүзеге асыруға арналған сайттың жасалуы», 5В060200-Информатика мамандығының 4 курс студенті Насырова Л.Д., (жетекшісі - информатика кафедрасының аға оқытушысы Калакова Г.К.);
  4. «Google Firebase бұлтты технологиясын қолданып мобильдік қосымша жасау», 6B06103-ақпараттық технологиялар және робототехника ББ-ның 2 курс студенті Қайролла Г.Қ. (жетекшісі - Сатмағанбетова Ж.З.);
  5. «Разработка лабораторно-практической установки «Исследование схем торможения асинхронного двигателя с короткозамкнутым ротором и двигателя постоянного тока с параллельным возбуждением»»,
  6. 7M07102-Электр энергетикасы мамандығының 1 курс магистранты Тетерюк И.В. (жетекшісі - электроэнергетика кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Глущенко Т.И.);
  7. «Универсальный инструмент тестирования и экзаменации на базе предприятий любого типа», 6В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті Ким В.В (жетекшісі - ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Бегалин А.Ш.).

Байқау комиссиясы ғылыми кеңесшілер мен ұсынылған жұмыстардың авторларына институттың ғылыми өміріне белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдіреді.

 

Қабылдау комиссиясы