Бүгін Кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Орал Такиров пен «Серпін – 2050» бағдарламасының топ жетекшісі Қарлығаш Нұрмұхаметова талапкерлермен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының №13 мектеп-гимназиясы және Түркістан қаласының Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебі мұғалімдері мен 11сынып оқушылары қатысты. Барлығы – 80 оқушы.
Университетіміздің артықшылықтары мен жетістіктері, үздіксіз білім, жаңа білім беру бағдарламалары туралы айтылды. Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасына қабылдау ережелері туралы жан-жақты мәліметтер берілді.
Кездесу барысында оқушыларды жоғарғы оқу орнына оқуға түсу ережелері мен әскери кафедра, ҰБТ-ның шекті баллдары, оқу ақысы сияқты сұрақтар қызықтырды және олар қойған сауалдарына нақты жауаптар алды.