object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 10:30:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ұлы даланың ұлағатты ұстазы

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай А.Байтұрсынов атындағы КӨУ-нің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлағатты ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ыбырайтанушы ғалымдар, ұстаздар, облысымыздың бетке ұстар ақын-жазушылары Серікбай Оспанов, Ақылбек Шаяхмет, Алмасбек Әбсадықов және Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайының ғылыми қызметкері Шынар Досмағамбетова қатысты. Дөңгелек үстел барысында Ыбырай жайында тың деректер айтылды. Серікбай Оспанов осы уақытқа дейін ұлт ұстазының өмірі мен еңбектері жайында он бес еңбек шығарғандығын да айтып өтті. Студенттер ғалымдарға Ыбырайдың еңбектері мен өміріне қатысты сұрақтарын қойып, пайдалы ақпаратқа қанықты.

«Ұлы ұстаздың мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз! Студент-жастардың басты бағдары Ыбырай болса, еліміздің болашағы зор»,-деп білемін дейді дөңгелек үстелдің модераторы Шынар Төлегенова.

Қабылдау комиссиясы