А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институтының студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-практикалық конференциясында инженерлік білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.
Конференцияның мақсаты – жалпы энергетика саласындағы зерттеулерді шоғырландыру, жүйелеу және ғылым, білімдегі идеяларды жетілдіру.
Конференцияға Энергетика кафедрасының 16 студенті мен кафедра оқытушылары қатысты. Олар іс-шара барысында энергетика саласының жағдайы, жаңартылатын және баламалы энергия көздерін пайдалану перспективалары, қалдықтарды жою проблемалары мен технологиялары, электр кешендері мен жүйелерін пайдалану сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
Конференцияда ұсынылған студенттердің ғылыми жұмыстарының көпшілігі, оқытушылардың айтуы бойынша, жоғары деңгейде орындалған: студенттер білімдерінің тереңдігін, ғылыми-зерттеу жұмысы барысында алынған нәтижелерді талдай алатындықтарын және мәселені шешуде шығармашылық көзқарасқа тоқталатындарын көрсетті.
Студенттердің жұмыстарын кафедрада көптеген жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып келе жатқан тәжірибелі оқытушылар бағалады.
Игорь Тетерюк байқаудың жеңімпазы атанды, оған студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауына қатысуға кеңес берілді.