Педагогика және психология кафедрасы Қостанай облысының білім беру мекемелерінің психологтарымен онлайн-кездесу өткізді, онда «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының сапасын жақсарту мен педагог-психолог жұмысының тиімділігі талқыланды.
Мұндай кездесулер дәстүрлі сипатқа ие болды, өйткені болашақ педагог-психологтарды даярлау кәсіби білім беруді дамытудың әлемдік тенденцияларына сәйкес жүруі керек. Егер жақында өткен кездесуде бітіруші педагог-психологтың моделі талқыланған болса, бүгін білім беру үдерісіне (педагогика мен психологиядағы ресурстар мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, басқару, дайындау) және түлектің біліктілігін бағалауға баса назар аударылды.
Шақырылған қонақтар сауалнамадан өтті, оның нәтижелері бойынша болашақ психологтарды оқытатын білім беру бағдарламаларына түзетулер енгізіліп, жаңа бағдарламалар жасалады.