object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 21:25:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Білім беру бағдарламаларын тұтынушыларға қалай тартымды етуге болады?

Педагогикалық институттың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттері осы сұраққа жауап беруге тырысты.

11 наурызда А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің инновациялық панорамасы аясында «Білім беру бағдарламалары сұранысқа ие мамандарды даярлаудың шарты ретінде: тәжірибе мен перспективалар» атты онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесуге 50 мүдделі тараптар мен жұмыс берушілер, сондай-ақ кафедра түлектері мен студенттер қосылды. Олар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының жобаларын ұсынды, осы тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылады. Барлық қатысушылар білім беру бағдарламаларын құрудың өзектілігін, қызықты мазмұны мен заманауи тәсілін атап өтті. Болашақ мұғалімдердің дайындығын жақсарту бойынша ұсыныстар да болды. Ұсыныстар мен ескертулер ескерілетін болады.

Мүдделі тараптармен ынтымақтастық - бәсекеге қабілеттіліктің кепілі және болашақ мамандарға деген сұраныс!

 

Қабылдау комиссиясы