28 наурызда Astana IT University-де Жапония Үкіметінің қаржылық қолдауымен БҰҰДБ жобасы шеңберінде ұйымдастырылған «Төтенше климаттық жағдайға ден қою кезінде нөлдік шығарындыларға және климаттық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін ұлттық белгіленген жарналарды пайдалану» жобасы аясында әйел ғалымдарға арналған «Skillathon» семинары өтті. Семинарға қазақстанның жоғары оқу орындарында ғылыммен айналысатын 37 әйел қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің атынан биология, экология және химия кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Юнусова, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Севара Дәрібаева және агрономия кафедрасының оқытушысы Сәуле Швец қатысты.
Диалог алаңы, марафондар, шеберлік сыныптары жеке бренд құру, ғылыми тәсілдерді коммерцияландыру, БҰҰДБ - ЮНИСЕФ «STEM4All» кәсіпқой әйелдердің жаһандық желісі, әйел ғалымдардың көшбасшылық әлеуетін дамыту сияқты мәселелерді түсінуге мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылар университет басшылығына осындай форумға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтады.