А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институтының студенттерi Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Жанданған жәдігерлер» атты түнгі интерактивті экскурсия акциясына қатысты.
Бұл түні мұражайға келген қонақтар әдеттегі экскурсиядан өзгеше, май шамның жарығымен мұражайдың бірінші қабатындағы экспозициялық залдарды аралады. Сонымен қатар киелі Қостанай-Торғай өңірінен шыққан Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин, Амангелді Иманов сияқты ұлы тұлғалардың бейнелері сомдалды. Қонақтар XIX ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басындағы жәрмеңке саудасы және фотосалон қызметінің көрінісіне куә болды. Салт-дәстүріміздің айрықша ерекшеліктерін көрсететін «Қызға ұрын бару» секілді қойылымдар келушілерге ерекше әсер қалдырды.
Түнгі экскурсия барысында ұлттық аспаптарда күй тартылып, ұлттық ойын түрлері көрсетілді.