object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:28:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылыми кеңестердің рөлі артпақ

Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын жақсарту туралы айтты және ғылыми жобаларды дамытуға ерекше назар аударды.

Ғылыми қоғамдастыққа үлкен жауапкершілік жүктелген. Жақын арада ғылыми зерттеулердің өндіріс процестеріне интеграциясы болады. Бұл ел экономикасының дамуына түбегейлі әсер етуі керек.

Осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Ұлттық ғылыми кеңестердің рөлі артып келеді. Ұлттық ғылыми кеңестер - бұл ғылымның даму бағытындағы алқалық органдар.

Негізгі міндеттер - қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау, жаңа ғылыми бағыттардағы жобалар мен республиканың қажеттіліктерін бағалау, конкурстық іріктеу, мониторингтік зерттеулер. Ақшаны қай жобалар алатынын, ал қайсысы мемлекет үшін маңызды, қайсысы болмайтынын ҰҒК шешеді.

Биыл А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдары да осындай кеңестердің құрамына кіргенін атап өткін жөн.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 қаулысымен «Мәгілік Елдің ғылыми негіздері» және «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы бекітілді. Олардың құрамына біздің университеттің профессорлары мен ғалымдары кірді!

Қабылдау комиссиясы