object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-02-24 15:56:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ТАЛАПКЕРЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

«Әдістемелік инновациялар панорамасы» аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушылары Сәрсенғали Аралбаев, Ермек Асқаров және Алляра Жақсыбаева №3, 5,16 мектеп оқушылары мен Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттерін «Құқықтану», «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

Талапкерлерге университет туралы жалпы мағлұматтар берілді, сонымен қатар институттың білім беру бағдарламалары туралы айтылды.

Шақырылған қонақ, Қостанай облысының полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берік Ержанов тәжірибеге бағытталған оқудың ерекшеліктеріне, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесіне тоқталды.

Оқу ордамыздың студенттері мектеп оқушыларына әскери кафедра, университеттегі қызықты қоғамдық өмір, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында мектеп оқушылары мен колледж студенттері трасология және баллистика кабинеті, тергеу кабинеті, оқу-сот залы бар Қылмыстық полигонға экскурсия жасады.

Қабылдау комиссиясы