object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 22:23:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ Республика күнін атап өтті

Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін Республика күнін тойлайды. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланған болатын. 2009 жылы заңға өзгерістер енгізіліп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді де, ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Биыл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтадан атаулы даталардың бірі, Ұлттық мереке етіп бекітті.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті айтулы мерекені атап өтті. Іс-шараны ҚӨУ-нің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Исақаев құттықтау сөзбен ашып, «Менің арманымдағы Қазақстан» республикалық эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттады:

Бірінші дәрежелі дипломға «Казақ тілі мен әдебиеті» ББ-ның 1-курс студенті Индира Артықбай ие болды;

Екінші дәрежелі дипломдармен «Орыс филологиясы» ББ-ның 3-курс студенті Мария Лопушня мен «Қазақ филологиясы» ББ-ның 2-курс студенті Қабдрахим Қарақат марапатталды;

Үшінші дәрежелі диплом «Орыс филологиясы» ББ-ның 4-курс студенті Алина Кульбаеваға, «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Меруерт Фазылға және «Қазақ филологиясы ББ-ның 3-курс студенті Сәнімгүл Жақсылыққа тиесілі. Жеңімпаздарға дипломдармен қоса ақшалай сыйлықтар табысталды.

Республика күніне арналған салтанатты шара Студенттік мәдениет үйінің дайындаған концертімен жалғасты. Концертте студенттер патриоттық әндер мен қазақи сарындағы билерді көрермендерге нақышына келтіріп орындады.

Құрметті әріптестер, студенттер, мереке құтты болсын, аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қабылдау комиссиясы