object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:18:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Талапкер – 2020 онлайн-кездесуі өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің тіл және әдебиет теориясы кафедрасы талапкерлермен онлайн-кездесу ұйымдастыруының бірден бір себебі -  талапкерлермен жақын танысу, мамадықтың қыр-сырын айту, сұхбаттасу!

Кездесуге тіл және әдебиет теориясы кафедрасының ұжымы, докторанты, магистраттары және студенттері қатысты. 

Іс-шара 3 курс студенті Дінмұхаммедтің арнауымен басталды.

Оқу бағдарламасы, білім алудағы жеңілдіктер, ғылыми бағыт, оқудан тыс үйірмелер, әскери кафедра туралы нақты ақпараттар берілді.

Былтыр бірінші рет «Білім жарысы» сайысын өткізген болатынбыз. Сол сайыстың жеңімпазы, ректор грантының иегері Ақбота Дүйсенбай студенттік шақтың қызығымен бөлісті, сондай-ақ С.Сейфуллиннің шығармасынан үзінді оқыды. 

"Мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілей отырып, оларды студенттеріміздің қатарында көргіміз келетінін айттық"-дейді кафедра оқытушылары.

Қабылдау комиссиясы