object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:18:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

SMART-орталық аймақтық серіктестерді дамыту бағдарламасына енді

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ үздіксіз даму және жаңа шешімдерді іздеу қағидасын ұстанады. Осы ұстанымның арқасында біз үлкен жобаларды іске асырдық және республикалық деңгейде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік.

Бүгін біз тағы бір жеңіске жеттік, Astana Hub «IT-стартаптар халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының аймақтық серіктестерді дамыту бағдарламасының қатысушысы атандық.

Бағдарламаға қатысу біздің университет базасында цифрлық технологиялардың дамуына жаңа серпін береді. SMART-орталығы облыс көлеміндегі өз идеяларын монетизациялау үшін нақты мүмкіндікке ие стартап жобаларды әзірлеу мен іске қосудың жалғыз алаңына айналады.

Бағдарламаға қатысушыларға салық жеңілдіктері және заңнамада көзделген басқа да мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушылары республикалық технопаркпен достық қарым-қатынас орнатқан шетелдік серіктестердің жаңалықтарынан хабардар болады.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ – әрқашан бір қадам алда!

Қабылдау комиссиясы