Бүгін Қызылордадағы «Болашақ» университетінің базасында Қазақстан Республикасының жас ғалымдары мен ұстаздарының 3-ші республикалық онлайн-слеті өтіп жатыр, оған Қазақстанның жас оқытушылары мен ғалымдары қауымдастығының белсенділері, Қазақстан университеттерінің жас ғалымдары кеңесінің мүшелері және елдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың өндірістік секторының өкілдері қатысуда. Олардың барлығы білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, жас мамандарды ғылыми және шығармашылық жұмыстарға тарту және ынталандыру бойынша тәжірибе алмасуда серіктес болып табылады.
Форумның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі білім беру саласындағы ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау, ұзақ мерзімді жоспар құру және оны жүзеге асыру мәселелерін талқылау. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің пандемия жағдайында онлайн және қашықтықтан оқытудың инновациялық бағыттары мен әдістерін жастар арасында кеңінен насихаттау мен зерттеуге бағытталған.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің атынан форумға ҚР Білім және ғылым министрлігі Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, «Технологияларды трансферттеу және коммерциализациялау аймақтық Smart-орталығының» бас маманы, PhD докторы Төлеген Көпжасаров қатысып, «Білім және ғылымдағы Smart-технологиялар: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.