object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 18:49:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қашықтан оқытуда интернет ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасы және  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әріптестік ынтымақтастығы аясында, ZOOM платформасында ұйымдастырылған «Қашықтан оқытуда интернет ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері» атты онлайн әдістемелік тәжірибе алмасу семинары өтті. Әдістемелік семинардың модераторы – тіл жіне әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Бақыт Абильбекова.  

Әдістемелік семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова, Қостанай мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі Биғайша Ахметова және  де облыс, аудан көлемінде мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілінен дәріс оқып жүрген филолог мамандар қатысты.

Әдістемелік семинарда бүгінгі таңдағы білім беру жүйесін оқытудың құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленіп отырғаны жайлы, сонымен қатар тіл үйрету, әсіресе мемелекеттік тілді ересектерге үйретудің маңызды аспектілері, әдістеме саласындағы жаңа технологияларды қолдану жолдары мен тиімді тәсілдері туралы сөз болды.

Аға оқытушы Бақыт Абильбекова білікті, білімді, тәжірибелі әдіскер ретінде мемлекеттік тілді үйретудің  заманауи әдіс-тәсілдерінің жеңіл, ұтымды, тиімді жақтарын ашып көрсете отырып, сабақты дәстүрлі өткізуден гөрі студенттерге бағыттап оқытудың жаңа қырларын, сонымен қатар жаңартылған бағдарлама әдістерін де ұсынды.

Әдістемелік семинар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырып, әдістеме саласынан сұрақтар қойылып, мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту және үйренуге әр адамның уәжін оята білу, тілдік ортаны орната білу сияқты мәселелер талқыланды.

Қабылдау комиссиясы