object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 09:30:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара оффлайн және онлайн форматта өтті. Мұндай шараны өткізу жақсы дәстүрге айналды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің маңызы туралы айта отырып, репрессия жылдары 5 миллионнан астам адам Қазақстанның лагерьлеріне жер аударылғанын атап өткен жөн (салыстыра кететін болсақ, 1939 жылдағы халық санағы бойынша Қазақстанда 6 миллионнан астам ғана адам өмір сүрген).

Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде.Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 30 желтоқсандағы жарлығымен - 1997 жыл біздің елімізде Ұлттық келісім және саяси репрессия құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.

Саяси қуғын-сүргін жылдарында азап шеккендердің есімін мәңгі есте сақтау үшін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Заңнамаға сәйкес 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды. Бүгінгі күні біздің мемлекетіміздің, ғылыми қауымдастықтың және жалпы қоғамның алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау міндеті тұр.

Бүгінгі күні біздің ғалымдар бұл мәселені шешу үшін архивтерде жұмыс істеуде, бұрын белгісіз болған құжаттарды ғылыми айналымға енгізіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтап алудың ұзақ процесіне үлес қосуға кірісті.

Қабылдау комиссиясы