object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:32:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ректор грантының тағы бір жеңімпазы анықталды

Аграрлық-техникалық институтының биология және экология кафедрасы аймақтық қашықтық олимпиаданың қорытындысын шығарды, оның жеңімпазы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректорының ақысыз білім беру грантына ие болады.

Олимпиадаға Қостанай облысының мектептері мен колледждерінің түлектері қатысты. Олимпиаданың жеңімпазы, яғни 1-ші орынға ие болған түлек қана биология мамандандырылған пәні бар мамандықтар бойынша тегін оқуға арналған ректор грантының иегері болады.

Сайыстың 1 кезеңінде қатысушылар биология пәні бойынша тест сынақтарынан өтті. Аталмыш білім додасына қатысуға өтініш білдірген 125 оқушының жартысы ғана келесі екінші кезеңге жолдама алды. Кеінші кезеңде де олар түрлі сынақтарды еңсерді.

Кафедраның тәжірибелі оқытушыларынан құрылған қазылар алқасы ең үздік үш жұмысты таңдады.

1-орын және ректордың грантын иелену туралы сертификат Дружба орта мектебінің оқушысы Анастасия Шахинаға бұйырды. Бірақ ол ҰБТ тапсыру кезінде межеленген балл жинауы керек.

Рудный қаласының түлегі Юлия Дундукова мен Сарыкөл ауданының 11-ші сынып оқушысы Альбина Латыпова 2 және 3 орындарды иеленді.

Қабылдау комиссиясы