object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:13:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Дағдарыс кезеңіндегі психо-эмоционалды жағдайды тұрақтандыру және үйлестіру

15 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Дағдарыс кезеңіндегі психо-эмоционалды жағдайды тұрақтандыру және үйлестіру» тақырыбында онлайн семинар өтті. Ұйымдастырушылары - Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Олеся Ельчищева және оқу-әдістемелік басқармасының инновациялық білім беру технологиялары зертханасының меңгерушісі Сәуле Айткужинова.

Онлайн семинар ZOOM платформасында өтті, оған оқытушылар, докторанттар және магистранттар, барлығы 45 адам қатысты.

Семинар барысында карантин кезіндегі психоэмоционалды жағдайды өздігінен реттеудің нақты әдістері қарастырылды. Семинарға қатысушылар осы мәселелерді талқылауға белсенді қатысты, өйткені бұл тақырып бүгінде өте маңызды. Сондықтан да болар қатысушылар тарапынан сұрақтар көп болды және аталмыш сауалдарға жауап та қанағаттанарлық берілді.

Қабылдау комиссиясы