object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:36:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Өмір ағымы» бағдарламасының қонағы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедарсының филолог маманы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжанат Жүрсіналина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының тікелей эфирінің қонағы болып қайтты. Бұл кезекті шығарылым мамыр айындағы филолог мамандардың төл мерекесі құрметіне, филология мамандығына таңдау жасаған жастарға арналды.

Гүлжанат Жүрсіналина – 30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз. Ол кәсіби мамандығына деген ынта-жігерімен, шәкірттеріне деген ыстық ықласымен танылады. Гүлжанат Құрмашқызы тікелей эфир барысында мектеп бітіруші түлектерге өмірлік кәсіп таңдау аса жауапкершілікті қажет ететінін айтты. Дұрыс мамандықты таңдап қана қоймай, сапалы білім беретін оқу орнын ажырата білу – жарқын болашақтың тағы бір кепілі. Осындай іргелі оқу орындарының бірі – ҚМУ әрине.

Университетте сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда ғылыммен айналысуға қажетті құрыл-жабдықтар да, бағыт-бағдар беретін білікті мамандар да жеткілікті. Оқу озаттары мен белсенді жастарға, түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне қарастырылған жеңілдіктер мен гранттар бар.

Егер заман талабына сай білікті маман атанам десеңіз – ҚМУ-ды таңдаңыз!

Қабылдау комиссиясы