object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:21:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мектептер мен колледждердің түлектерімен кездесу

Мектеп бітіруші түлектер үшін қызу науқан, олар қазір ҰБТ-ға дайындық үстінде. Осы маңызды кезеңнен өткеннен кейін оларды тағы бір жауапты қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау, жоғары оқу орнына түсу. Сондықтан Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы мектеп және колледж түлектерімен онлайн-кездесу ұйымдастыруға шешім қабылдады. Конференцияға шығу уақытын талапкерлер өздері белгіледі. Кафедра оқытушылары уақыттың кеш болғанына қарамастан журналистика мамандығын таңдаған мектеп түлектерінің барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты.

Онлайн-кездесуге қатысқан Қостанай облысының, Ақмола облысының оқушылары онлайн режимдегі ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысы, құжаттар тізімі жайында ақпарат алды және шығармашылық емтихандарға қалай дайындалу керектігі туралы білді. Мұндай кездесулер әлі де болады. Сізді қызықтырған сауалдарыңыз болса, онлайн-кездесулерімізге қосылыңыздар!

Қабылдау комиссиясы