Жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы «Ұлы Дала құпиялары» атты медиа-экскурсия өткізді.
П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Психология» мамандығының 1 курс студенттері археологиялық ескерткіштер, ұлы батырлар мен ағартушылардың кесенелері мыңжылдықтар бойы қандай құпияларды сақтағанын білді.
Облыстық маңызы бар қасиетті нысан - Ақ мешітінің тарихы үлкен қызығушылық тудырды. «Ақ мешітте» жүргізілген ғылыми қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2020 жылы әкімшілік ғимаратта да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимарат 1954 жылы салынған болатын.