object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 20:45:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ұлттық дәстүр – ұлы мұра

Чужинов атындағы экономика және құқық институтының философия кафедрасы Наурыз мейрамының қарсаңында «Ұлттық дәстүр - ұлы мұра» тақырыбында республикалық онлайн-дөңгелек үстел өткізді. Іс шараны философия кафедрасы жанындағы этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Жангелді Шаукенов ұйымдастырды.

Онлайн дөңгелек үстелді философия кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Оралбай Қабыл ашып берді.

Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Орынбасарова қатысты. Баяндама тақырыбы – «Тарихтан тамыр тартқан ұлттық дәстүр». Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының PhD докторы Сайра Шамахай «Құпия шежіре – мәдени мұра» тақырыбында әңгіме өрбітті. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Бағила Таирова қазақ мәдениетіндегі дәстүрдің орны туралы айтты. Сондай-ақ іс-шараға Тобыл қаласының «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Медет Өтепқалиев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Экономика және құқық институтының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Олар дөңгелек үстел барысында Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесін мерекелеу тұжырымдамасы бойынша пікір алмасты.

Қабылдау комиссиясы