object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:39:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Коучинг технологияларын өмірде жарату

Ғылым апталығының жұмысы бүгін де жалғасын тапты. Естеріңізге сала кетейік, іс-шаралардың барлығы онлайн режимде өтіп жатыр. Әйтсе де апталыққа қатысушы оқытушылар мен студенттер саны жоғары.

Бүгін психология және педагогика кафедрасының доценті Ләззат Ордабаеваның және оқу-әдістемелік басқармасының инновациялық білім беру технологиялары зертханасының меңгерушісі Сәуле Айткужинованың жетекшілігімен «Психологтың жұмысындағы коучинг технологиялары» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

Вебинар ZOOM платформасында, облыс мектептерінің мұғалімдері мен университет оқытушыларының, докторанттардың, магистранттардың қатысуымен өтті. Барлығы 40-тан астам адам қатысты. Семинар барысында Ләззат Ордабаева коучингтің түрлері мен оның философиясы туралы түсіндірді. Коучингтің көмегімен сіз өзіңіздің психо-эмоционалды күйіңізді реттей аласыз, бұл әсіресе қазіргі карантин жағдайында маңызды.

Вебинар соңында модератор мұғалімдерге коучинг әдістерін игеру қажеттілігін және коучингті қолданудың перспективаларын атап өтті.

Коучинг технологияларын өмірде жарату

Қабылдау комиссиясы