Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында жаратылыстану кафедрасы, Қостанай облысының білім басқармасы, сондай-ақ география пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ұйымдастыруымен география пәні мұғалімдерінің I-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – идеялармен, шығармашылық бастамалармен алмасу үшін бірыңғай пікірталас кеңістігін қалыптастыру, кәсіби шеберлік деңгейін көтеру мақсатында мотивациялық кеңістік құру, корпоративтік мәдениетті дамыту, мұғалім мамандығының беделін өсіру.
Конференцияға облыстың 40-тан астам білім беру мекемелері қатысты. Пленарлық мәжілісте Қостанай облысы мен Қостанай қаласының жетекші мұғалімдері – Нұрымжан Милақатов (Әулиекөл ауданы), Жанара Ерденова (Бауыржан Момышұлы атындағы №5 мектеп), Қарлығаш Асанова (Қостанай қ. НЗМ), жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі Гаухар Баубекова баяндама жасады. Олардың баяндамаларында ғылыми-зерттеу және әдістемелік қызметтерінің нәтижелері көрсетілді. Баяндамашылар географиялық өлкетануды зерделеу, облыс бойынша этносаяхаттар ұйымдастыру, алгоритм құрастыру және студенттерді қорытынды аттестациялауда тест матрицасын қолдану, метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыра отырып, кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция жұмысы 4 секция бойынша өткізілді:
- әдістемені түрлендіру: заманауи география сабағын құрудағы тиімді әдістер мен тәсілдер, озық тәжірибенің кейстері;
- STEP BY STEP: географиялық білім беруде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктері мен міндеттері;
- дарындылықтың тік дамуы;
- география ғылымы мен білімнің интеграциясы мәселелері.
Секциялық жұмыстарда мұғалімдер кәсіби қызметтің тиімді тұстарымен бөлісті. Конференцияға қатысушылар қазіргі білім беру жүйесінде түрлі жаңалықтар болып жатқанын және бұл өзгерістерді педагогикалық қауымдастықтың диалогтық алаңдарында талқылау қажет екенін айта келіп, география пәні мұғалімдерінің облыстық конференциясы осындай мүмкіндік бергенін атап өтті.