Агрономия кафедрасы «Ғылым мен өндірістің және білімнің интеграциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Заречное» АШТС ауылшаруашылығы дақылдарын іріктеу зертханасының аға ғылыми қызметкері Алена Зинченко, ғылыми қызметкер Валентин Лукин, сондай-ақ «Энгельс» ЖШС-нің директоры Олег Зедгинидзе қатысты.
1-4 курс студенттері мен агрономия кафедрасының оқытушылары дөңгелек үстел барысында ғылым мен өндірістің, білімнің арасындағы тығыз байланыс туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар кадр тапшылығы да сөз болды. Студенттердің болашақ кәсібіне қызығушылығын арттыру мақсатында қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті. «Бұл іс-шара түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жақсы мүмкіндік», -дейді дөңгелек үстелдің модераторы, агрономия кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Екатерина Екатеринская.