object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 23:38:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Халқының адал перзенттері

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің тіл және әдебиет теориясы кафедрасы бірлесіп онлайн форматта «Халқының адал перзенттері» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге университетіміздің оқытушылары мен студенттері, облыстық, аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Әнуар Әлімжановтың Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қатысты жазылған «Ұстаздың оралуы» және «Махамбеттің жебесі» романдары бойынша мәліметтер айтылды. Кафедрамыздың аға оқытушысы Шынар Төлегенова Әл-Фарабиға қатысты деректер айтса, ал филология мамандығымыздың 3 курс студенті Мадина Бозторина «Махамбеттің жебесі» романына тоқталды. Махамбет Өтемісов – қазақ азаматтық поэзиясының негізін қалаушы, ХІХ ғасырдың басындағы халық көтерілісінің жетекшілерінің бірі болған.

Облыстық, аудандық кітапхана қызметкерлер де баяндама жасады. Баяндамада жазушының көрнекті ғалымның, ағартушының образын әсерлі жеткізе білгенін атап өтті. Дөңгелек үстел филология мамандығының 3 курс студенті Есенгелді Ерназардың арнау өлеңімен аяқталды.

 

Қабылдау комиссиясы