object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:33:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Француз тілін жетілдіреміз

6-20 мамыр аралығында Қазақстандық Француз тілдері мұғалімдері Қауымдастығы «Қашықтан оқыту жағдайында француз тілін шет тілі ретінде оқытуда MOOС (Жаппай ашық онлайн курстар) интеграциясы» тақырыбында бірнеше вебинар өткізді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің лингвистикалық зертханасы вебинарларға белсенді қатысты.

Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Эльвира Медетова мен Маргарита Тричик осы вебинарда француз тілін оқыту саласындағы зерттеулерімен таныстырды.

Вебинарға қатысушылар – Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай қалаларының оқу орындарының оқытушылары. Баяндамашылар Fun mooc, Courser білім беру платформаларын қолдану тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар Vivre en France A1, A2, B1, DéfiDELF (Université de Lille) курстарында оқитын студенттердің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне талдау жасады. Жаппай ашық онлайн курстар – бұл сіздің тіліңіз бен кәсіби дағдыларыңызды жетілдірудің тамаша мүмкіндігі.

Жазбаларды мына сілтемеден көруге болады  https://youtu.be/afv3f-OQAzc

Қабылдау комиссиясы