object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:23:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Филологиялық білімнің күші неде ...»

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы мектеп оқушыларымен өткізген онлайн-кездесуді «Филологиялық білімнің күші неде ...» деген жалынды тіркеспен бастады. Эфир барысында талапкерлерге орыс филологиясының білім беру бағдарламасы, оның артықшылықтары, жеңілдіктер, сонымен қатар болашақ филолог студент өзін көрсете алатын барлық бағыттар туралы ақпарат берілді.

«Орыс филологиясы» мамандығының магистранттары мен докторанттары аталмыш маман иелерінің іс жүзінде кез-келген мамандық бойынша жұмыс істей алатынын, ол тек әр адамның жеке бейімділігі мен амбициясына байланысты екенін атап өтті. Бұл ой ерекше қызығушылық тудырды және осы мамандықтың түлектері жұмыс істей алатын салалар ауқымы кең екені нақтыланды. Жалпы алғанда, қазіргі әлемде кез-келген саланың маманы сауатты болуы керек - өз ойын дұрыс жеткізе білуі керек.

Кездесу соңында оқытушылар мен докторанттар, магистранттар мектеп түлектерін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-не, бай дәстүрлері, білікті оқытушылары және заманауи білім беру технологиялары бар оқу орнына, оның ішінде «орыс филологиясы» мамандығына түсуге шақырды. шақырды.

Қабылдау комиссиясы