object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:40:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Филология – болашақтың мамандығы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Филология – болашақтың мамандығы» тақырыбында түлектермен онлайн-кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – «Қазақ филологиясы» мамандығын тәмамдап, еңбек нарығында жемісті еңбек етіп жүрген түлектер мен 4 курс студенттерін бір алаңда жүздестіріп, қазіргі қоғамдағы «Филология» мамандығының рөлі мен маңызы жөнінде сұхбат өрбіту. Түлектер өздерінің  кәсіби қызметтері жөнінде баяндап, 4 курс студенттеріне еңбекке орналасу жөнінде өз кеңестерін айтты. Қостанай облысы Білім басқармасының бөлім басшысы Нұржан Оразғалиұлы,  Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлім Опина, Қостанай педагогикалық колледжінің  оқытушысы Баян Сабырова, Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметшісі Айнұр Идрисова, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қызметкері Орынкүл Пішенбай, т.б. түлектеріміз кафедрасының ұстаздарына алғыстарын білдірді. Онлайн түрінде өткен бұл іс-шара 4-курс студентері үшін пайдалы болса,  оқытушылар үшін көңілге қуаныш ұялатты.

Қабылдау комиссиясы