object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:22:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің студенттер – үздіктер қатарында!

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика оқу бағдарламасының студенттері Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Челябинск, РФ) медиа-гуманитарлық институты дәстүрлі түрде өткізетін «ХХІ ғасырдың коммуникациялық көшбасшысы» V ғылыми-танымдық форумына қатысты.

«Интернет-медиа және әлеуметтік желілер» бағыты бойынша шығармашылық жұмыстар конкурсында 3-курс студенті Алина Сейдахметова жүлдегер атанды және «Альма-матер» номинациясы бойынша 2-орынға ие болды. Жетекшісі Мадина Булатова – «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы.

Ал 4-курс студенті Вероника Шегай «Әлеуметтік PROFILE» әлеуметтік жарнама бойынша шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпазы ретінде өткір әлеуметтік мәселені өзгеше және оңтайлы шешкені үшін диплом алды. Оның жұмысы «Media PROFILE» жарнама және қоғаммен байланыс жөніндегі XIX Халықаралық жастар конгресі аясында «Сыртқы жарнама» номинациясында атап өтілді. Жобаның жетекшісі – аға оқытушы Балажан Мұстафина.

Олар бұл шығармашылық жұмыстарды  пәндерді оқу барысында жасаған болатын. Әдетте, студенттер жарыстарға практикалық тапсырма ретінде орындаған жұмыстарын ұсынады.

Қабылдау комиссиясы