object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 23:32:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Абайды оқимыз

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де «Біз әр түрлі тілдерде Абайды оқимыз» онлайн-байқауы өтті. Байқауға тек ҚМУ студенттері ғана емес, сонымен бірге өткен жылдардың түлектері, Польша, Италия және АҚШ елдерінің өкілдері қатысты. Ақынның өлеңдері мен әндері әлемнің 10 тілінде айтылды!

Шараның мақсаты – ұлы Абайдың әдеби мұрасын сақтау, насихаттау, университет студенттері мен магистранттарын қазақтың ұлы ақыны және ағартушысының шығармашылығымен таныстыру.

Іс-шара бағдарламасы ауқымды және қызықты болды, қатысушылар өздерінің зор талаптарын көрсете білді»,-дейді университеттің шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Юлия Шандецкая.

Ғылыми жұмыс және интернализация бойынша проректордың міндетін атқарушы Ғалия Есмұратованың айтуынша оқу ордамызда Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жыл басынан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Барлық мамандықтардың студенттері үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өткізілетін семинарлар мен дөңгелек үстелдерге, поэзия кештеріне және басқа да шараларға белсенді қатысады.

Қабылдау комиссиясы