Ғылыми кеңес отырысында университет басшылығы оқу орны бөлімшелерінің жұмыс нәтижелеріне қатысты мәселелерді қарастырды. Әсіресе, қабылдау комиссиясының жұмысына ерекше назар аударылды. Айта кету керек, ағымдағы оқу жылында А.Байтұрсынов атындағы КӨУ студенттерінің қатары 2711 студентпен толықты, оның ішінде магистратураға 215 студент түссе, докторантураға 17 студент қабылданды, ал 2478 талапкер бакалавриатқа түсті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 50% -ға жоғары. Сондай-ақ «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 35 студент оқуға келді.
Оқу орнының қабылдау комиссиясының есебіне сәйкес, университет бөлінген 631 мемлекеттік білім грантының барлығын игерді. Тағы бір айта кететін жайт, педагогикалық білім беру бағдарламалары түлектері арасында өткізілген Ұлттық біліктілік тестілеуінде университет жоғары нәтиже көрсетті. Біздің университет тестілеуге қатысқан 67 ЖОО арасында 8-ші орынға ие болды.
Сонымен қатар кездесу барысында Инженерлік орталық құру және қос дипломды білім беру мәселесі талқыланды, академиялық саясат, ғылыми және тәрбие жұмысын жүзеге асыруда қол жеткізген оң өзгерістер атап өттілді.
Ғылыми кеңестің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы Құрметті профессорларға құрмет көрсетуден басталды. "Университеттің құрметті профессоры" атағы Бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының профессоры Жапаров Карбоз Жапарұлына берілді. "Қауымдастырылған профессор (доцент)" куәлігі Ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі в.ғ.к. Аубакиров Марат Жақсылықұлына табыс етілді. Құттықтаймыз, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!