object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 23:19:54.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Түлектерді жұмысқа орналастыру

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығының биылғы түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалымен онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттер өздерін таныстырумен қатар жұмыс берушілер жағынан ұсынылған ақпараттық материал әзірлеу бойынша арнайы тапсырманы орындады. Сонымен қатар филиал директоры Ақерке Бекахметова және филиал қызметкерлерінен құрылған комиссия сұрақтарына жауап берді.

Бұл журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының биылғы түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатындағы алғашқы кездесу. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қабылдау комиссиясы