object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 06:20:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ұлт ұстазы – Ы.Алтынсарин

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет теориясы кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық аналар кеңесімен бірлесе отырып, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай университет студенттері арасында «Ұлт ұстазы – Ы.Алтынсарин» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Сайысқа уиверситетіміздің филология, педагогика және психология, журналистика және қазақ тілі мен әдебиет мамандығының студенттері қатысты. Сайыс «Өлең сөздің паштасы, сөз сарасы» және «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталатын екі кезең бойынша өтті.

Бірінші кезеңде Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айтса, ал екінші кезеңде Ыбырайдың еңбектеріне қатысты сұрақтар қойылды. Сайысқа барлығы 12 студент қатысты. Үлкен дайындықпен келген студенттердің өнерін әділқазылар алқасы бағалады.

І орынды Филология мамандығының 1 курс студенті Жадыра Рустинбаева жеңіп алды.

ІІ орын екі студентке берілді. Олар: Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенті Гүлназ Кубегенова және Филология мамандығының 1 курс студенті Сәнімгүл Жақсылық.

ІІІ орынға да екі студент лайық деп танылды: Журналистика мамандығының 2 курс студенті Нұрсұлу Алмат, Қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1 курс студенті Гүлсезім Қуанышбаева.

Сайыстың басты мақсаты Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау, талантты, білімді жастарды анықтау болды.

Қабылдау комиссиясы