Пайдаланушы нұсқаулығы

 

«AR және VR құру» әдістемелік нұсқаулығы — бұл толықтырылған (AR) және виртуалды шындықтың (VR) негізгі принциптерімен таныстыратын, практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған электронды оқу құралы. Оқулық Unity және Vuforia платформалары арқылы AR/VR жобаларын құруға арналған 15 практикалық жұмыстан тұрады.

Бұл нұсқаулық сізге келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • AR/VR ортасында жұмыс істеуге қажетті бастапқы дағдыларды қалыптастыру;
  • Unity-де нақты мысалдар арқылы интерфейс құру, физика, басқару және объектілермен өзара әрекет жасау әдістерін үйрену;
  • Тәжірибе арқылы білімді бекітуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар.

Кімдерге арналған:

  • ЖОО студенттері мен оқытушылары;
  • AR/VR саласына қызығушылығы бар жаңадан бастаушылар;
  • Практикалық жобалар арқылы үйренгісі келетін қолданушылар.

Қажетті бағдарламалық құралдар:

  • Unity Editor (ұсынылатын нұсқасы: 2021.3 немесе одан жоғары);
  • XR Interaction Toolkit;
  • AR Foundation (AR тәжірибелері үшін);
  • Vuforia (кейбір AR тапсырмалар үшін).

Қалай қолдануға болады:

1.     Оқулықтағы әрбір практикалық жұмысты рет-ретімен орындаңыз.

2.     Берілген Unity жобасын ашып, қадамдарды дәл орындаңыз.

3.     Қиындықтар туындаған жағдайда, қосымша түсіндірмелер мен скриншоттарға жүгініңіз.

4. Әр тапсырманың соңындағы бақылау сұрақтары арқылы өз біліміңізді тексеріңіз.