Эразмус+ - білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Ол еуропалық елдер (Бағдарлама елдері деп аталатын) арасындағы, сонымен қатар, еуропалық елдер мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасындағы барлық осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктерді ұсынады.

Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде серіктес елдердің жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру жүйесіне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға болады.

ЖБӘА жобалары - бұл Бағдарламаның 34 елінен және 150-ден астам серіктес елдерден жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестіктерге негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Эразмус+ бағдарламасына қаржылық үлес қосатын Бағдарлама Елдері - бұл ЕО-ға мүше 28 мемлекет, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және бұрынғы Югославия республикасы Македония. Қазақстан бағдарламаның осы құрауышына қатыса алатын серіктес елдерге жатады.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті келесі белсенді жобаларға қатысады (эмблемалар басылады):

КГУ