Жатақхана

Өз үй астында

Студенттердің жатақханада тұруы қаладан тыс тұратындардың биографиясына ғана тән романтикалық дерек.

Жатақхана - бұл тек тәртіп пен реттік қана емес, өмір мектебі деп айтсақ болады. Жатақханада шыншылдық, өзара қолдау және өзара көмек, түсіністік пен сезімге бой алдырмау маңызды қасиеттер болып табылады.

Студенттің өмірі қиын, себебі әр күн сайын үлкен ақпарат көлемін игереді, әртүрлі бақылау, сынақ пен емтиханға қатысты және көптеген тұрмыстық мәселелерді шешуде сан сезімдерді бастан кешіреді. Өзіңіздей студенттің жағдайын сізден артық кім түсіне алады? Жатақханадағы жолдастар сабаққа ғана емес, өмірде де қолдау көрсететін жақсы досыңыз болады.

Университетте екі студенттік үй бар.

  • №1 студенттер үйі 1986 жылы 400 адамға шақталып салынған, қаланың орталығында Пушкин көшесі 138-нші үйде орналасқан. Тұрмыстары жайлы болу үшін бөлме 2-3 адамға арналған жиһазбен қамтамасыз етілген, секциялы түрде орналасқан, 4 секцияға жеке санторап бар. Тоғыз тұрмыстық асүйлік бөлме, екі жуынатын душы бар бөлме, автоматты кір жуатын машинамен, үтіктеу арналған құрылғылармен жабдықталған бөлме бар. Интернетке қосылған компьютерлік класс, теледидар бөлмесі де жұмыс жасайды. Студенттер университет қаржысына жазылған баспалардан жаңалықтарды күн сайын оқи алады.
  • 22 қазан 2012 ж. ҚМУ-да қаланың оң жақ бөлігіндегі Абай даңғылы 28-де орналасқан 320 орындық №2 суденттер үйі іске қосылды. Бұл бұрынғы бесқабаттық оқу ғимараты болған. Бұл ғимарат ауылшаруашылық институт кезінде жатақхана болып, кейін оқу ғимараты болған. №2 суденттер үйінің іске қосылуы университеттің оңтүстік бөлігіндегі студенттерге қолайлы.

  Болашақта үшінші Студенттер үйін салу жоспарда тұр.

КГУ