object(DateTime)#1015 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-27 12:06:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Жас ғалымдар кеңесі

Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызы

ЖҒК төрағасы

Философия докторы (PhD)

E-mail: akbidashabdirkenova@mail.ru

Телефон: 8 (705) 226-94-79

Бермухаметов Жанайдар Жагпарович

ЖҒК төрағасының орынбасары

Техника ғылымдарының магистрі

E-mail: Zhanaidar007@gmail.com

Телефон: 8 (777) 412-88-99

Абенова Жазирайым Муратбековна

ЖҒК хатшысы

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

E-mail: abenova.zhm@ksu.edu.kz

Телефон: 8 (707) 370-62-21

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Жас ғалымдар кеңесі - Жас ғалымдардың кәсіби қалыптасуына жәрдемдесуге арналған қоғамдық жастар ұйымы. ЖҒК қызметінің мәні - жас ғалымдардың шығармашылық ғылыми белсенділігін дамыту, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту, өмір сүру және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерінде жас ғалымдардың мүдделерін білдіру. «Жас ғалымдар» - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің 40 жасқа дейінгі ғылыми зерттеулермен айналысатын ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары.

Кеңес қызметінің мақсаты жас ғалымдардың кәсіби қалыптасуына жәрдемдесу, олардың кәсіби және әлеуметтік мүдделерін, шығармашылық тәжірибесін қорғау және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін барынша пайдалану, басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Кеңес мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • жас ғалымдар қатыса алатын ғылыми конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, съездер және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • жас ғалымдарды отандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің қызметін үйлестіреді, менторлық мектептер мен конференциялар, жас ғалымдардың ғылыми іссапарларын ұйымдастыруда қажетті көмек көрсетеді және жоспарлайды;
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ жас ғалымдарды студенттердің ғылыми жұмысын ұйымдастыруға тарту арқылы жас ғалымдардың өмір сүру, еңбек жағдайларын жақсартуға және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асырады;
  • қазіргі ғылымның өзекті және іс жүзінде маңызды міндеттерін шешуге бағытталған Жас ғалымдардың күштерімен пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
  • қойылған мақсаттарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Қабылдау комиссиясы