object(DateTime)#1018 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-27 17:16:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Колледж түлектеріне

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 01.04.2019 ж. №134 (08.06.2022ж. өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген «Жоғары білімнің мәндес білім беру бағдарламалары топтары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының сәйкестігі жөніндегі әдістемелік ұсынымдары».

Грантқа қабылдау

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсетін, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар ҰБТ-дан өтіп, ҰБТ-дан өтіп:

  • ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 25 балл;
  • "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша-кемінде 35 балл,
  • оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау керек.

Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

Ақылы оқуға қабылдау

"Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды университетке қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы ҰБТ тапсырусыз ақылы негізде жүзеге асырады.

Маңызды!

Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылдың 8-15 шілдесі аралығында өткізіледі.

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша түсу үшін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерге арналған арнайы емтихан педагогикалық жағдайды шешу нысанында өткізіледі және "рұқсат беру" немесе "рұқсат бермеу"форматында бағаланады.

Егер колледж түлегі жоғары оқу орнында ұқсас бағыт бойынша оқуды жоспарламаса, және білім беру бағдарламаларының басқа тобын таңдаса, онда ол ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады!

Қабылдау комиссиясы